KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
443.37 474.49 4.83

6-9 мамыр аралығына арналған ауа-райы болжамы

6.05.2018, 08:54 110

Алдағы екі тәулікте суық арктикалық фронттар Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс, орталық, солтүстік облыстарында суық және кей жерлерде жаңбыр тудырады деп хабарлайды Altaynews.kz Қазгидромет сайтына сілтеме жасап.


Солтүстік және орталық облыстарда жаңбырдың арты сырғақ қарға ауысуы мүмкін, шығыс және оңтүстік-шығыста найзағай күтіледі. Фронттардың артынан Баренцев теңізі аймағынан антициклон жылжып, онымен жауын-шашынның тоқтатылуы күтіледі.


Антициклонның Батыс Сібірдің оңтүстігіне жылжуынан республиканың барлық аймағында температураның жоғарылауы басталады. 9 мамырда көптеген облыстарда жылы және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек Қазақстанның солтүстік аймақтарында  8-9 мамырда жаңбыр болуы мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив