Ванес Мартиросян: Мен пойыздың астына түскендей болдым
Бүгін таңертең АҚШ-тың Калифорния штатындағы StubHub Center шаршы алаңында өткенГоловкин мен Мартиросян жекпе-жегі жерлесіміздің жеңісімен аяқталды.
Екінші раундта оңбай таяқ жеген Мартиросян орынына тұра алмай қалды. Ол бүгінгі жекпе-жек туралы былай дейді:
-Мен пойыздың астына түскендей болдым. Бір ғана соққы емес бірнеше жойқын соққының бәрі тиді. Бұған дейін мұндай соққы алып көрмеппін,-дейді Мартиросян.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Альварестің орнына жұдырықтасқан америкалық Ванес Мартиросянның ұлты армян. Бірақ жеті жасынан бастап АҚШ-та тұрады. Жасы 31-де. Кәсіби бокста 40 жекпе-жек өткізіп, 36 рет жеңіске жетті. Үш айқаста ұтылды. Бір мәрте тең түсті. Соңғы рет Мартиросян екі жыл бұрын бокстасқан болатын. Сол кезде ол төрешілердің шешімі бойынша Эрисланди Ларадан жеңілген еді.