KZ
Өскемен
+21°
переменная облачность жел 3 м/с, З
443.44 480.51 4.88

Жеңіске жеткен Головкин кіммен болса да жұдырықтасуға дайын екендігін айтты

6.05.2018, 04:23 92

Қазақстандық Геннадий Головкин қарсыласы Ванес Мартиросянды екінші раундта нокутпен жеңіп, өз титулдарын қорғап қалды, деп хабарлайды Алтайньюс.


Головкин бірінші раундтан бастап шабуылдап, қарсыласына мүмкіндік бермеді. Алайда Мартиросян да бірнеше соққыларын дарыта алды. Бұл жекпе-жек Карсондағы (АҚШ, Калифорния штаты) StubHub Center аренасында өтті.


Екінші раундтың алдындаға үзілісте Головкиннің бапкері «ойланбай, жылдам қимылда» деген кеңес берді. Головкиннің өзі де жекпе-жектен кейінгі сұхбатында кездесуді жылдам аяқтау керек екендігін түсінгенін жеткізген. Сонымен қатар ол жанкүйер болып отырған бүкіл қазақстандықтарға және отбасына алғыс білдірді.


«Шамаларың жетсе белбеулерді тартып алыңдар, кім болса да жекпе-жекке дайынмын»,-деді ол.


Естеріңізге сала кетейік, бүгін  Альварестің орнына жұдырықтасқан америкалық Ванес Мартиросянның ұлты армян. Бірақ жеті жасынан бастап АҚШ-та тұрады. Жасы 31-де. Кәсіби бокста 40 жекпе-жек өткізіп, 36 рет жеңіске жетті. Үш айқаста ұтылды. Бір мәрте тең түсті. Соңғы рет Мартиросян екі жыл бұрын бокстасқан болатын. Сол кезде ол төрешілердің шешімі бойынша Эрисланди Ларадан жеңілген еді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив