KZ
Өскемен
+10°
небольшой проливной дождь жел 3 м/с, З
441.66 475.14 4.86

ШҚО-да ардагерлер үш ай электр жарығын тегін тұтынады

5.05.2018, 12:27 111

Жеңістің 73 жылдығына орай «Шығысэнерготрейд» ЖШС Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 600 кВт сағат электр жарығын тегін беретін болды.


Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне орай ұйымдастырылатын дәстүрлі акция бүгін 5 мамыр күні басталды. Ардагерлер мамыр, маусым, шілде айында электр жарығын тегін тұтынатын болады. «Шүлбі» ГЭС-і ай сайын олардың жеке шотына 2 500 теңгеден аударып отырады. Үш ай ішінде жалпы ардагерлерге 2,1 млн. теңге аударылады. Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысы бойынша 300-ге жуық Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады.


Дереккөз: ҚазАқпарат


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив