KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 4 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Ардагерлер жылдың соңына дейін пойызда тегін жүретін болды

2.05.2012, 18:00 105


Ұлы Жеңістің 67 жылдық мерейтойына орай 2012 жылдың 1-мамырынан 31-желтоқсанына дейін Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері пойызбен тегін жол жүретін болды, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Altaynews.kz тілшісі.

Мерекелік акция аясында ҰОС ардагерлері мен мүгедектері Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері аумағында темір жол көліктеріндегі купелік вагондармен тегін жүре алады.

Ардагерлер тегін билетті темір жол кассаларынан ала алады. Өзімен бірге жеке куәлігі, сонымен қатар, ҰОС ардагері немесе мүгедегі туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі болуы қажет. Аталған акция «Talgo» пойызымен жүруге қарастырылмайды.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив