KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 4 м/с, СБ
483.23 534.74 5.12

Ардагерлер пойызда жарты жыл тегін жүреді

13.04.2013, 18:00 179


«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Жеңістің 68 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жолаушылар пойызында биылғы 1 мамыр мен 31 желтоқсан аралығында тегін жол жүру қызметін ұсыну бойынша жыл сайынғы дәстүрлі акциясын өткізеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бұл топқа жататын адамдар республика және ТМД елдері аумағында теміржол көлігімен тегін қатынай алады. Сонымен қоса оларға белгілі бір жерге тегін барып-қайтуға барлық санаттағы пойыздардың купе вагондары ұсынылады.

ТМД елдеріне сапарға шығу үшін жол жүру құжаттары баратын стансаға және еліміздегі вокзалдарда орналасқан сату пункттеріне қайтып келгенге дейінгі аралыққа ресімделеді.

Билет алу үшін жеке басының куәлігі, сондай-ақ, Ұлы Отан соғы-сының қатысушысы немесе мүгедегі екендігін растайтын куәліктің түп-нұсқасы мен көшірмесі қажет.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив