KZ
Өскемен
+29°
ясно жел 2 м/с, В
467.29 501.03 5.35

Оралда өлтірілген семейлік Ақеркенің туыстары ШҚО прокурорынан көмек сұрады

4.05.2018, 03:39 187

Жақында ғана Семейлік Ақерке Қозыкешеваны қайын атасы пышақтап өлтірді деген жантүршігерлік оқиғаны барлық әлеуметтік желілер мен түрлі бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазған болатын.

Өмір жолын енді ғана бастаған Ақерке күйеуі ұрлап әкеткен екі жасар ұлы Әлішерді көру үшін Орал қаласына барып, аяқ астынан ажал құшты.

«Ана жүрегі баласыз өмір сүре алмайтыны айтпаса да түсінікті шығар. Сонда Ақеркенің бар жазығы ұлының жанында болғысы келгені ме?», «Жас келіншекті аяусыз соққыға жығып, бауыздап өлтіргендері адамшылыққа жата ма?», «Өз қайын атасы өлтірген сұмдық қой» деген пікірлер Ақеркенің инстаграм парақшасында толассыз жазылуда .

БАҚ-да таралған ақпараттарға сүйенсек, 2017 жылдың қазан  айында Ақерке сол білегінен пышақ жарақатын алып, Ақсай қаласындағы ауруханаға түскен екен. Бұл жөнінде Бөрлі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері рапорт құрастырды. Кейін Ақерке дәрігерлерге күйеуінің жарақаттағанын айтыпты. Осы фактілерді оның анасы Бибігүл Ермұханова да растады.


-Саят  марқұм болған қызыма жиі қол көтеретін. Ал қызым болса үндемей, іштен тынып жүре беретін. Мүмкін менің қызыма берген тәрбием солай болған шығар. Себебі кішкентай кезінен бастап «барған жеріңе балдай батып, судай сің» деп ақылымды айтып отыратынмын, - дейді қайғыдан көз жасы көл болған ана.

Бибігүл ханымның туған сіңілісі Райхангүл Абдрахманованың айтуынша, Ақеркенің өліміне тек Асылбек Омаров қана кінәлі емес, Саят Қозыкешев пен оның анасының да бұл іске қатысы бар көрінеді. Қазіргі уақытта кішкентай нәрестенің Оралда болуы өте қауіпті, өйткені баланың әкесі Саят өзін-өзі қолында ұстай алмайтын адам екендігіне Ақеркенің туыстары сенімді.

Әділдік іздеген анасы мен нағашы апайы «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалының қоғамдық қабылдауына келіп, ШҚО прокуроры Құсайын Игембаевтан көмек сұрап отыр.


-Бұл сұрақтардың барлығы біздің құзырымызда емес, ол Батыс Қазақстан Облысының құқық қорғау органдарының құзырына жатады. Бірақ сіздер  көмек сұрап келіп отырғаннан кейін, біз сол жақпен хабарласып, бүгінгі жағдай қалай өрбуде екендігін біліп береміз. Алдағы уақытта көкейлеріңізде жүрген сұрақтардың жауабын алу үшін сіздерді Орал қаласының прокурорымен видео арқылы тікелей байланысқа шығаратын боламыз, - деді Құсайын Игембаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив