KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 1,7 м/с, Ю
443.72 482.28 4.9

Астанада сүйіктісін азаптаған әйелге қатысты сот үкімі шықты

28.04.2018, 13:32 105

Астананың Есіл аудандық №2 сотының судьясы Қанат Тобағалиұлы әйелге қатысты даулы іс бойынша үкім шығарды


Сүйіктісіне ауыр зардап келтірді деп айыпталған астаналық әйелге қатысты сот тыңдауы жабық тәртіпте өтті. Үкім оқылғанда ғана БАҚ өкілдері қатыса алды.


-Сот Н.-ды ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 2-пункті бойынша айыпты деп танып, бес жылға бас бостандығынан айырады, ол жазасын орта деңгейдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтесін. ҚР Қылмыстық кодексінің 74-бабына сәйкес, жаза мерзімі үш жылға шегерілсін, - деп оқыды үкімді судья Қанат Тобағалиұлы.

Еске салайық, әлеуметтік желілерде күдікті әйелдің суреті бар құжат пайда болған еді. Онда астаналық әйелдің өз сүйіктісіне ауыр зақым келтіргені айтылады. Істің өзге мән-жайы тергеу мүддесіне байланысты жария етілмеген.


Дереккөз:  Tengrinews.kz

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив