KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность Штиль
443.44 480.51 4.88

Ауылдағылар жүргізуші куәлігі мен көліктерін ХҚКО-да тіркете алады

25.04.2018, 05:30 317

Бұл туралы ҚР ІІМ-нің Әкімшілік полиция комитетінің facebook-тегі ресми парақшасында хабарланып отыр.


-Жол жүрісі қауіпсіздігі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында ІІМ «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-мен бірлесіп, әкімшілік полицияның ауданаралық және аудандық тіркеу-емтихан пункттерін (ТЕП) халыққа қызмет көрсету орталықтарына кезең-кезеңмен орналастыруды жүзеге асыруда, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта 10 облыста 23 ТЕП-ті орналасқан жері бойынша аудандық ХҚКО-ға көшіру бойынша дайындық іс-шаралары жүргізіліпті. Олар жақын уақытта жұмыс істей бастайды екен.


Көрсетілген іс-шаралар азаматтарға кәдімгі ХҚКО-ларда, басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алумен қатар, көлікті тіркеуге және жүргізуші куәліктерін алуға мүмкіндік береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив