KZ
Өскемен
-13°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
510.18 601.91 6.51

Қырыққабат пен пияз арзандады – ШҚО

Фото: egemen.kz

17.05.2024, 14:04 377 Ләззат Қанатқызы

Тұрақтандыру қоры павильондарында қырыққабат пен пияз бағасы арзандады.

Қырыққабат 1 келісіне 130 тг-ден 110 тг-ге, ал пияз 120 тг-ден 100 тг-ге төмендеген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жалпы, баға тұрақтандыру бағдарламасы бойынша әлеуметтік маңызды деп танылған жеміс-көкөніс өнімдерінің құны 150 тг-ден аспауы керек.

- Қазір сауда павильондарындаға өнімдер бағасы 100-150 тг аралығында. Ал, тауарлар құнының 10-20 тг-ге артуы немесе арзандауы жеткізуші серіктеспен өзара қол жеткізген келісімнің шартқа байланысты, - дейді «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ.

Осы уақытқа дейін тұрақтандыру бағдарламасында келісімшарт бойынша жеміс-көкөніс өнімдерін «Приречное» агрофирмасы» ЖШС жеткізген болатын. Арадағы келісімшарттың мерзімі аяқталған. Мамыр айынан бастап әлеуметтік маңызды азық-түлік қатарындағы көкөніс өнімдерін «Алтай» көтерме-тарату орталығы жеткізуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу