KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность Штиль
479.05 534.57 5.17

Қазақстанның бір банкін қытайлар сатып алды

25.04.2018, 05:16 125




Халық банк екі қытай банкімен ірі келісімге қол жеткізді. Осылайша Altyn Bank акциясының 60 проценті аспан елі инвесторларына сатылды, деп хабарлайды kaz.365info.kz.


«Қазақстанның Халық банкі» АҚ «Altyn Bank» АҚ-тағы үлесінің 60 процентін сату бойынша келісімді аяқтады.


Баспасөз хабарламасында айтылғандай,


China CITIC Bank Corporation Limited (CITIC Bank) банкі акциялардың 50,1 процентін, ал China Shuangwei Investment Co., Ltd. (Shuangwei) 9,9 процентін сатып алған.

Бірақ қазақстандық акционерге Altyn Bank капиталының әлі де 40 процент үлесі тиесілі, сондықтан тараптар арасында бекітілген акционерлік келісімге сәйкес, белгілі бір құқықтарға ие болады. Қытай және Қазақстанның реттеуші органдары мақұлдаған соң жоғарыда аталған келісімге қол жеткізілді.


Altyn Bank — бұрын Қазақстанның HSBC банкі деп аталған — ел нарығында 1998 жылдан бері қызмет етіп келеді. 2014 жылдың қарашасында оны Халық банкі толығымен сатып алып, иемденді.


2017 жылдың соңындағы ахуал бойынша, банк активтері 386,6 миллиард теңгені құрайды, ал капиталы — 53,8 миллиард теңге.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив