KZ
Өскемен
+17°
переменная облачность жел 5 м/с, СБ
439.4 473.54 4.76

Семейде рубик текшесін құрастырудан қала біріншілігі өтуде

22.04.2018, 10:11 103

Елбасы - Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Семей қаласындағы физика- математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Рубик текшесін жылдамдықпен жинау бойынша «NIS CUBE SEMEY» атты қалалық біріншілік өтуде.


Салтанатты ашылуына Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова, Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының сыртқы істер бойынша орынбасары Бауыржан Серіков қатысып, құттықтау сөз сөйледі.



-Біріншілікке қатысуға қаламыздың 40 орта мектептерінен 350- ге жуық оқушы ниет білдіріпті,-деді Назарбаев Зияткерлік мектебі баспасөз орталығыының жетекшісі Ермек Исабаев,- Кейінгі кездері өскелең ұрпақ арасында ерекше қызығушылық тудырған ой-қиял мен жылдамдық жарысына Рубик текшесін Семейде ғана емес Қазақстанда насихаттаушылардың бірі, жеке кәсіпкер Арман Машимов қолдау білдіріп отыр.

Жарыс 7 тәртіп бойынша ұйымдастырылып отыр. Олардың қатарында «Спидкубинг» жылдамдықта құрастыру, «Бір қолмен» және «Рескрамбл» жүйелерін ерекше атап өтуге болады. Біріншілікте жеңіске жету үшін ойыншылар асқан жылдамдық көрсетулері қажет. Қала тарихында алғаш рет ұйымдастырылып отырғандықтан, қатысушыларға шектеу қойылған жоқ.


Жарыс жеңімпаздары кешке қарай анықталып, жеңіске жеткендер мақтау қағаздары мен бағалы естелік сыйлықтарға ие болады деп күтілуде.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив