KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
484.37 531.06 5.05

Семейде кубик текшесін жинаудан халықаралық чемпионат өткізілмек

24.04.2018, 11:36 195

Семейде рубик текшесін жылдамдықпен жинау бойынша «Спидкубинг» кубогының  1-ші қалалық турнирі мәресіне жетті. Оның нәтижесінде экономикалық лицей оқушысы Әлихан Ертұрсын жеңіске жетті. Жарысқа қатысушылар саны Қазақстан бойынша рекордтық көрсеткішке ие болып отыр.


-Семей қаласында рубик текше кубиктерін жылдамдықпен жинау бойынша өткен қалалық турнирге 45 мектептен 6-16 жас аралығындағы 360 оқушы қатысты,-деді Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы Ермек Исабаев,-Кейінгі кездері өскелең ұрпақ арасында ерекше қызығушылық тудырған ой-қиял мен жылдамдық жарысы деп саналатын Рубик текшесін Семейде ғана емес, Қазақстанда насихаттаушылардың бірі  жеке кәсіпкер Арман Машимов екенін айта кетейік.

2018 жылдың жазында бұл кәсіпкер осы рубик текшесін өткізуге шетелдердегі   әлемнің танымал спидкубингшілерінің  қатысуымен  халықаралық чемпионатты да өткізуді жоспарлап  отыр екен. Қазіргі уақытта Семей қаласында Қазақстандағы Спидкубинг федерациясына  тіркелуі жүргізілуде.


 


Бұл қызық!


Бүгінгі күнде осынау басқатырғыштан  рекордты 4.59 секундта шешіп шыққан  Оңтүстік Кореялық спидкубшы жеңімпаз болып табылады. Оның көрсеткішіне әлі ешкім жете қойған жоқ.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив