KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
477.45 527.1 5.24

Өскемендегі мектептерге күрделі жөндеу жүргізіледі

20.04.2018, 10:52 186

Жылдар бойы жамап-жасқаумен келе жатқан шатырды толықтай жаңартудың кезегі биыл Өскемендегі № 45 және №2 білім ордаларына бұйырыпты. Сондай-ақ, бірнеше мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Осы мақсатта бюджеттен 167 миллион теңге бөлінген. Бұл қаржы негізінен білім ордаларының шатыры мен жылу жүйелерін ауыстыруға жұмсалатын болады.


Қаланың орталығындағы №39 мектептің жылу беру жүйелерін ауыстыру көзделіп отыр. Сонымен қатар Меновное кентіндегі мектептің акт залына жөндеу жұмыстары жасалып, №34 мектеп-лицейінің терезелеріне пластик терезе орнатылатын болады. Жұмыстар маусым-тамыз аралығында жүргізіліп, жаңа оқу жылына дейін аяқталмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив