KZ
Өскемен
+21°
небольшая облачность жел 4 м/с, З
478.96 533.03 5.22

Дәрігерлер жаңғақтың жүрекке қалай әсер ететінін айтты

20.04.2018, 03:49 94

Жаңғақты тұрақты түрде жеу жүрек-қан тамырлары ауруының алдын алады. Швед дәрігерлері осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru сайтына сілтеме жасап.


Зерттеу жұмысына Швецияның 45-83 жас аралығындағы 60 мың тұрғыны қатысқан. Еріктілер күнделікті қандай тағам түрлерін тұтынатынын, өмір сүру салтын айтқан, одан кейін дәрігерлер 17 жыл бойы олардың денсаулық жағдайын бақылаған.


Осы уақыт аралығында бақыланған адамдардың 4983-інде жүрек ұстамасы болып, оның ішінде 917 адам соның салдарынан көз жұмған.


Ғалымдар жаңғақты жиі жейтін адамдардың жүрегі жаңғақ жемейтін адамдарға қарағанда 20 пайыз аз ауыратынын анықтады. Олар жаңғақ жүрек-қан тамырлары жүйесіне оң ықпал ететін табиғи май, минерал және антиоксидант көзі екенін айтады.



Ескерту!


Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив