KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Семейде «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының таныстырылымы өтті

19.04.2018, 11:23 170

Абай атындағы кітапханада Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматы қаласындағы «ҚазАқпарат» баспасынан жарық көрген «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсаукесері ұйымдастырылды.


Кітаптың тұсаукесерін заң ғылымдарының докторы, ҚазИГЗУ-нің Ғылыми жұмыс және жаңа технологияларды коммерциализациялау жөніндегі проректоры  Майгүл Матаева жүргізіп, кітапқа жалпы шолу жасады.


[su_slider source="media: 29087,29088,29086"]


Елбасының жаңа туындысын талқылауға арналған тарихи-танымдық шараға Семей қаласындағы жоғарғы оқу орындарының ғалымдары қатысып, еліміздің даму үлгісі мен маңыздылығын, даму эвалюциясы мен басты ұстанымдарын тереңінен таныстырып, түсіндірді.


 -Ұлттық мүддені, ұлттық болмысты жоғары бағалайтын ұрпақ тәрбиелеу үшін Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабын Тәуелсіздік энциклопедиясы деп атауға толық құқығымыз бар,-деді Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің профессоры- Арап Еспенбетов,-бұл кітаптан жас та, егде тартқан адам да, саясаткер де, жұмысшы да, яғни кез келген адам өзіне қажетті  мақаланы тауып оқи алады. Бұл Қазақстан тарихы оқулығымен қатар жүретін оқулық болуы қажет.

Шараға қаламыздағы зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, оқырмандар қатысып, Елбасының Тәуелсіздік жылдарында жазған еңбектерінен жасақталған «Тәуелсіздік дәуірі» тақырыбындағы кітап.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив