KZ
Өскемен
+2°
небольшой дождь жел 2 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының тұсаукесері өткізілді

19.02.2018, 04:47 186

Тұсаукесерге Семей қаласындағы Тарих және қоғамдық ғылымдар Академиясының академигі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, «Алаштану» ғылыми зерттеу орталығының директоры Тұрдықұл Қасенұлы Шаңбай, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Динара  Қалиева,Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының қызметкерлер құрамы және Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті мен Мұхтар Әуезов атындағы педагогика колледжінің студенттері қатысты.


[su_slider source="media: 24099,24100,24101,24102,24103"]


Шара басында кітапханашы Гүлфира Тілеуқанова мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабы Қазақстан Республикасының қазақстандық дамудың үлгісі мен әлемдік көзқарастың мәнін көрсететін бағалы тарихи құжат екенін атап өтті.


-Елбасының өз  кітабында Қазақстанның үш тұғырлы жаңғыруын талқылаудың үлкен маңызға ие екенін терең талдаған,-деді тұсаукесер барысында сөз алған «Алаштану» ғылыми зерттеу орталығының директоры Тұрдықұл Қасенұлы Шаңбай,-бірінші және екінші жаңғырудың арқасында еліміз біртіндеп тоталитарлық жүйеден өтіп, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшті және әлемнің бәсекеге қабілетті 50 ел тізіміне енді. Жинақталған тәжірибе Қазақстанға жаһандық шындықта әлемнің ең дамыған отыз еліне еніп, оны жан-жақты жаңартуға және алға жылжытуға бағытталған үшінші модернизацияны енгізу құқығын берді.


Кітапта  қазақстандық даму үлгісінің эволюциясы, негізгі қағидаттары мен механизмдері, Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктердің нәтижелері айқын сипатталғаны туралы да шараға  қатысушылар атап айтып, жылы лебіздерін білдірді. Ал Семей өңірі гарнизоны әскери полиция жасағының майоры Рашида Жанатаева Президентіміздің кең байтақ  тәуелсіз елімізде түрлі этнос өкілдерінің  бейбітшілік пен келісімде, өмір сүріп, береке тұнған құтты мекенге айналдырғанын мақтаныш сезіммен жеткізді.



Шара соңында қатысушылар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа кітабы Ел тәуелсіздігінің 26- жылдық даму жолындағы авторлық көзқарасы болып табылатынын, сондай-ақ, кітаптың өз оқырмандары тарапынан жоғары бағасын алып үлгергендігін және тарихи-публицистикалық жанрында жазылған атап өтті. Сондай-ақ, барлығы «Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!»атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттермен танысты

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив