KZ
Өскемен
+21°
небольшой дождь жел 4 м/с, ОШ
475.39 513.37 5.4

Семейлік «Алтай» тағы жеңілді

16.04.2018, 08:29 180

Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел чемпионатының үшінші турында қонақта Талдықорғанның «Жетісу-Б» командасымен кездескен «Алтай» футболшылары 0:1 есебімен жеңіліс тапты.


Айта кетейік, бұл алтайлықтардың чемпионат аясындағы екінші жеңілісі. Осыдан бірнеше күн бұрын семейлік футболшылар Шымкентте жергілікті «Қыранға» да дәл осындай есеппен жол берген болатын.


Ал «Жетісу-Б» командасына қарсы өткен матчтың тағдырын алаң иелерінің қорғаушысы Асхат Балтабеков соққан жалғыз гол шешіп кетті. Бұл гол ойынның бірінші минутында соғылды. Қалған уақытта «Алтай» футболшылары қанша тырысқанымен, таблодағы есепті өзгертуге шамалары жетпеді.


Осылайша, үш ойынның бірінде жеңіп, екеуінде жеңіліс тапқан жерлестеріміз әзірге үш ұпаймен турнир кестесінің жетінші сатысында орналасуда. Келесі кездесуін алтайлықтар 22 сәуір күні қонақта оңтүстікқазақстандық «Мақтаарал» футболшыларына қарсы өткізбек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив