KZ
Өскемен
+26°
переменная облачность жел 5 м/с, В
476.27 515.47 5.41

«Алтайдың» қарсыластары қара үзіп барады

27.08.2018, 09:34 190

Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел чемпионатының 25-ші турында қонақта түркістандық «Мақтааралмен» кездескен «Алтай» футболшылары 1:3 есебімен жеңіліс тапты.

Айта кетейік, бұл алтайлықтардың биылғы чемпионат аясындағы алтыншы жеңілісі.


Ал түркістандық командаға қарсы өткен матчтың тағдыры бірінші таймда шешіліп қойды десек айтық айтпағанымыз. Кездесудің сегізінші минутында Константин Задорожныйдың көмегімен есеп ашқан алаң иелері 36-минутта басымдығын еселей түсті. Гол Асқар Әбутовтың еншісінде.

Екінші таймның алғашқы минуттарына шабуылға лап қойған алтайлықтар матчтың 80-ші минутында есеп айырмасын бір допқа дейін қысқартқанымен (нәтижелі соққының авторы Әнуар Умашев), 88-ші минутта қарсылас команданың шабуылшысы Роман Павиничтен көз жазып қалды. Қорытынды есеп 1:3.


Аталған жеңілісінен кейін қоржынында 45 ұпайы бар жерлестеріміз турнир кестесінің төртінші сатысында орналасуда. Сергей Тимофеевтің командасы үшінші орындағы «Қыраннан» алты ұпайға қалып тұр. Келесі кездесуін алтайлықтар 30 тамыз, бейсенбі күні өз алаңында Талдықорғанның «Жетісу-Б» командасына қарсы өткізбек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив