KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,6 м/с, З
483.23 534.74 5.12

«Алтай» ұпай жоғалтты

11.04.2018, 12:00 120

Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел чемпионатының екінші турында қонақта шымкенттік «Қыранмен» кездескен жерлестеріміз 0:1 есебімен жеңіліс тапты.


Бұл ойындағы жалғыз дәл соққыны матчтың 21-ші минутында алаң иелерінің шабуылшысы, үш доппен чемпионат мергендерінің көшін бастаған Абылайхан Махамбетов жасады. Осы жеңісінің арқасында «Қыран» командасының өзі де алты ұпаймен турнирлік кестенің бірінші сатысына көтерілді. Ал екі ойынның бірінде жеңіп, енді бірінде жеңіліс тапқан алтайлықтардың еншісінде әзірге үш ұпай ғана бар. Естеріңізге салайық, чемпионаттың бірінші турында семейлік футболшылар «Ақтөбе-Жас» командасын 2:0 есебімен ұтқан болатын.


Келесі кездесуін «Алтай» футболшылары 14 сәуір, сенбі күні өз алаңында Талдықорғанның «Жетісу-Б» командасымен өткізбек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив