KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 2 м/с, Ю
482.86 533.17 5.08

«Алтай» тағы да ұпай жоғалтты

18.06.2018, 04:45 255

Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел чемпионатының 13-ші турында Талдықорғанда жергілікті «Жетісу-Б» командасымен кездескен семейлік ұжым 1:3 есебімен жеңіліс тапты.


Естеріңізге салайық, бұл алтайлықтардың биылғы маусымда талдықорғандықтардан тапқан екінші жеңілісі. Бірінші айналымда жерлестеріміз жетісулық қарсыластарына 0:1 есебімен жол берген болатын. Сол ойынның тағдырын кездесудің бірінші минутында соғылған доп шешкен-ді. Бұл жолғы матчта да есеп стандионға жиналған жанкүйерлердің соңы орындарына отырар-отырмастан ашылып үлгерді. Гол Темірлан Эльмурзаевтың ешісінде. Дегенмен алтайлықтар үзіліске дейін есепті теңестіре алды. Нәтижелі соққының авторы – Вячеслав Сердюков. Өкінішке қарай, бұл алтайлықтардың аталған кездесудегі бірінші әрі соңғы добы болды.


Матчтың екінші таймында қонақтарға қарағанда алаңда анағұрлым белсенді қимылдаған талдықорғандықтар нәтижесінде Жақып Қожамберді мен Айбар Жақсылықовтың көмегімен тағы екі мәрте көзге түсті. Қорытынды есеп 3:1 «Жетісу» пайдасына.


Осы ойыннан кейін қоржынында 24 ұпайы бар «Алтай» жарыс кестесінің үшінші сатысында орналасуда. Жерлестеріміз аталған турда жеңіліс тапқан екінші орындағы «Тараздан» бұрынғысынша үш ұпайға қалып тұр. Есесіне кезекті жеңісін тойлаған көш басындағы «Қыран» (Шымкент) қарсыластарынан ұзай түсті. Алтайлықтар шымкенттік ұжымнан сегіз ұпайға қалуда. Келесі кездесуін жерлестеріміз ертең өз алаңында оңтүстікқазақстандық «Мақтаарал» командасына қарсы өткізбек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив