KZ
Өскемен
-13°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
494.95 525.49 5.05

ШҚО-да лауазымдық міндеттемелерді тең бөлмеу фактілері анықталды

14.04.2018, 05:24 102

Өңірдегі мемлекеттік органдарда еліміздегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалар қалай орындалып жатыр. Заңбұзушылықтардың алдын алуда қандай жүйелі шаруалар қолға алынған. Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қаншалықты сақталуда. Облыстық әкімдікте өткен әдеп кеңесінің кезекті мәжілісінде аталған мәселелер және мемлекеттік қызметшілерге қатысты бірқатар тәртіптік істер қаралды.


Мемлекеттік қызметшілердің құқығының сақталуына талдау жасаған департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ернар Тәшеновтің айтуынша, департамент өңірдің 37 мемлекеттік органында жасырын сауалнама жүргізген, оған екі жарым мыңға тарта мемлекеттік қызметші қатысқан. Нәтижесінде кейбір органдарда лауазымдық міндеттемелерді тең бөлмеу және атқаратын лауазымына тән болмау фактілері бар екені анықталған.


– Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулығында олардың міндеттері толық әрі нақты жазылған. Алайда, оған немқұрайлы қарайтындар көп. Атқаратын міндеттерді бөлуде берекесіздік жол берілген, - деді ол.

Мәселеге орай сөз алған Әдеп кеңесінің мүшесі Жомарт Манақов меморгандарға жүргізілген рейд кезінде анықталған заң бұзушылықтарды алға тартты.


– Жұмыс барысында мемлекеттік қызметшілердің құқықтары жиі бұзылады. Мысалы, жұмыс уақыты аяқталса да, сағат кешкі сегізге дейін мекемеде отырған қызметкерлерді кездестірдік. «Неге үйге қайтпайсыздар?» деген сауалыма  «Басшы жиналыста отыр, соны тосып отырмыз» деп жауап берді, - дейді Жомарт Манақов.

Сондай-ақ кеңесте облыстың білім саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесі қаралып, ол жөнінде департаменттің бас маманы Эльнар Тұрсынқанов баяндады. Оның айтуынша, республика бойынша білім саласындағы жемқорлыққа қатысты қылмыстар азайып келе жатса, бізде керісінше көбейіп кеткен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу