KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 3 м/с, В
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Семейде банктің 28 300 салымшысы мемлекет сыйақысына ие болды

11.04.2018, 06:46 81

Бұл туралы  банктің Семей филиалы қызметінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихаты барысында  директор Равиль Сәбитов мәлімдеді. Ол 2017 жылы Семейде тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы 12 000-нан астам келісім-шарттің бекітілгенін атап өтті. Жалпы сомасы 6,8 млрд теңгені құрайтын 850 займның берілгенін, оның ішінде 306 салымшы аймақтық тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында төмендетілген бағамен баспаналы болғанын да атап айтты. Олар үшін арнайы 9 үй тұрғызылған. Банктің тағы 544 клиенті қолжетімді заем ресімдеп, қайталама нарықтан үй сатып алған.


- Бүгінгі күні Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымдар бойынша 13,3%-ға дейін баратын ең тиімді мөлшерлеме ұсынып отыр. 28 300 салымшы ие болып отырған мемлекет сыйақысы олар қатысып отырған 2%-дық негізгі мөлшерлемесі бар депозит бойынша қалыптасты. Яғни жыл бойы біздің салымшы есеп-шотына 453 800 теңге немесе былайша айтқанда 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақша жинақтай алса, жыл қорытындысы бойынша  90 760 теңгеге тең ең үлкен сыйлық ақы алатын болады, - деп түсіндірді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Семейдегі филиалының директоры Равиль Сәбитов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив