KZ
Өскемен
+2°
туман Штиль
488.91 532.62 5

Өскемендегі студенттер театрының есеп беру концерті өтті

10.04.2018, 06:33 109

«Мен театрды сүйемін». Осындай атпен С.Аманжолов атындағы университеттің "Шабыт" студенттер театрының есеп беру концерті болып өтті.


Осыдан үш жыл бұрын құрылған театр негізінен «Серпін» бағдарламасымен оқып жатқан студенттерден құралған. Үш жылдың ішінде «Шабыттықтар» театрдың жетекшісі, өңірге есімі танымал актер Ертай Хасеновтың басшылығымын талай қойылымдарды да сахналап үлгеріпті. Олардың арасында ақиық ақын М.Мақатаевтың поэзиясының желісіне қойылған «Қайран күндер», Е. Домбаевтың «Ар», «Қалталы күйеу» комедиясы мен «Махаббат мұңы» драмасы бар. Аталған қойылымдар талай рет қалалық, облыстық байқаулардың жүлдесін де жеңіп алыпты.


- Өнер жолы қашан да ауыр ғой. Студенттердің арасында болашағын өнермен байланыстырғысы келген, бірақ оған ата-анасы рұқсат бермеген жастар да бар. Олардың өнерге деген құлшынысы керемет. Алдағы уақытта республикалық студенттер театрларының фестивалдеріне қатысуды жоспарлап отырмыз, - дейді «Шабыт» студенттер театрының жетекшісі Ертай Хасенов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив