KZ
Өскемен
+8°
небольшой проливной дождь жел 5 м/с, Ю
485.11 523.82 5.02

Ольга Рыпакова Гауһар лигаға қатыспайды

9.04.2018, 07:27 158

Ольга Рыпакова биылғы Гауһар лига жарысының финалдық кезеңіне қатыспайтын болды. Бұл жөнінде облыстық жеңіл атлетика федерациясының директоры Денис Рыпаков мәлімдеді.


Дегенмен бұл жерде спортшының еш кінәсі жоқ екенін бірден айта кеткен жөн. Осыдан бірер күн бұрын Индонезия астанасы Джакартада өтетін Азия ойындарының ұйымдастырушылары аталмыш жарыс тамыз айының 30-ына жоспаланғанын ресми түрде мәлімдеген болатын. Яғни, құрлықтық жарыс Швейцарияның Цюрих қаласында ұйымдастырылатын тағы бір ірі дода Гауһар лиганың финалымен тұспа-тұс, бір күнде өткізілмек. Сол себепті, екі жарыстың да жүлдесінен үмітті жерлесімізге таңдау жасауға тура келді.


– Ойлана келе біз Азия ойындарын таңдадық. Себебі, Гауһар лигаға қарағанда құрлықтық жарыста жүлделі орынға ілігуге, яғни ел қоржынына медаль түсіруге мүмкіндігіміз молырақ. Десек те, біз Цюрихтегі бәсекеде де жақсы өнер көрсететінімізге сенімді болғанбыз. Амал нешік, жарыстарды ұйымдастырушылардың осындай әрекеттері кесірінен таңдау жасап, бір жарыстан бас тартуға тура келді, – дейді Д.Рыпаков.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив