KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,8 м/с, З
484.37 531.06 5.05

Семейде ұлттық қолөнер шеберлерінің фестивалі басталды

7.04.2018, 12:58 439

Семейде ұлттық қолөнер шеберлерінің "Қазақ халық қолөнерінің мерекесі" атты  V аймақтық фестивалі басталды. Дәстүрлі өнер саңлақтарының басын қосқан айтулы шара, қаладағы Невзоровтар отбасы атындағы ШҚО бейнелеу өнер музейінде ұйымдастырылды. Биылғы көрмеде 70-тен аса шебердің 300-ге жуық еңбектері ұсынылып отыр.


Фестивальдің негізгі мақсаты – әлімсақтан келе жатқан ұлттық қолөнерді өркендету, бабадан аманат болған қазақтың дәстүрлі өнерін жаңғырту, сондай-ақ халықтық өнерді жаңашыл бағытта дамытып жүрген шеберлерді қолдау. Игілікті дәстүрге айналған көрменің ауқымы биыл кеңейген екен. Мәселен мұнда Семей, Өскемен қалаларынан бөлек, Жарма, Бесқарағай және Тарбағатай аудандары, сонымен қоса Шульбинск, Новобаженово кенттерінен келген өнерпаздардың жұмыстарын көруге болады. Сол секілді шаһардағы «Айша бибі» ұлттық-мәдени орталығының қолөнер шеберлерінің туындыларыда көрме экспозициясыннан орын алыпты. Ұлттық өнер мерекесіне қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова арнайы келіп, қатысушыларға ақжарма тілегін білдірді. Фестиваль аясында мерекелік дастархан жайылып, музей келушілері ұлттық тағам түрлерінен дәм татты. Ал Сералы Мұхамедсадықов бастаған Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының этно-фольклорлық ансамблі, айтулы шараның ажарын одан сайын аша түсті. Жетіген, домбыра және шаңқобыз аспаптарының үні көне сақ, ғұн және түркі қағанаты дәуірін көз алдыңа елестеткендей әсер қалдырды.


- «Қазақ халық қолөнерінің мерекесі» фестивалі биыл бесінші рет өткізіліп отыр. Жыл өткен сайын оның деңгейі мен мәртбесі көтереліп келеді. Әлбетте бұған қолөнер шеберлерінің қосқан үлесі ұшан-теңіз. Сіздердің шығармашылық жұмыстарыңыз бүгінгі мерекенің сән-салтанатына айналып отыр. Ұлттық қолөнерді – халықтық өнер деп айтуға толық негіз бар. Өйткені оның мазмұны халықтың тұрмыс тіршілігімен етене байланысты. Көктемде тіршілік атаулының барлығы жанданып, дала түрлі түске боялатыны мәлім. Сол сияқты біздің көрмемізде осы керемет жұмыстармен түрленіп отыр, - деп атап өтті Невзоровтар отбасы атындағы ШҚО бейнелеу өнер музейінің директоры Татьяна Стромская.

Ағымдағы көрмеге осы саланың кәсіби майталмандарыда шақырылғанын айта кеткен орынды. Олардың арасынан алматылық гобелен суретшілері, Қазақстан суретшілер Одағының мүшелері Мәлік Мұқанов пен Бауыржан Досжанов табылды.


- Музей ұжымынан көрмеге қатысуға шақырту алдық. Қуана келістік. Мұндай шаралар сөзсіз қажет. Осының көмегімен аймақтардағы өнердің дамуы туралы білуге болады. Сонымен қатар шығармашылық байланысты арттыруға жол ашылады. Мұнда Мәлік және Айдар Мұқановтардың, сондай-ақ өзімнің жұмыстарым қойылған. Біз көбінесе гобелен өнерімен шұғылданамыз. Осы көрмеге 20-ға тақау жұмыстарымызды алып келдік. Өзімнің осында 5 туындым ұсынылған. Атап айтқанда «Пайғамбар», «Жанасу», «Табысу», «Жел батыр» және «Бесік жыры». Қазақстаннан өзге, Ресей елінде өткізілетін көрмелерге де жиі қатысамыз. Ол жақта біздің ұлттық өнерімізге қызығушылық жоғары. Негізінен гобелен өнері қазаққа жат емес. Мысалы алаша тоқу, осыған ұқсас болып келеді. Тек гобеленде біз өзіміздің философиялық ой көзқарасымызды таныта аламыз, - дейді фестивальге қатысушы Бауыржан Досжанов.


Бұдан басқа, көрмеде үздік авторлар, арнайы марапатқа ие болды. Жүлдеге «Айша бибі» ұлттық-мәдени орталығының мүшелері Айман Ыбырайқызы және Асхан Сейілбек ілікті. Шара барысында ұлттық тақырыптағы авторлық қуыршақтар көрмесі, шеберлік сағаттары әрі балаларға арналған танымдық бағдарлама ұйымдастырылды.



 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив