KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

Семейде Ертіс өзеніндегі судың деңгейі түсті

1.04.2018, 14:00 167

Бұл туралы Азаматтық қорғаныс қызметі хабарлады. 1 сәуірдегі жағдайға сәйкес, Семей бойынша 2 тұрғын үй мен 21 аула қызыл судың астында қалып отыр. Бүгінде қонақүйлерде 188 адам орналасқан. Оның ішінде 91 адамға психологиялық көмек көрсетілді.


Төтенше жағдайлар және қалалық коммуналды қызметтердің көмегімен Мирный ауданы мен Бобровка кентіндегі жеке учаскелерінде суды тарту жұмыстары жалғасуда. Тұтастай алғанда, шаһарда 100 мың текше метрден аса су сорылған екен. Ал 31 наурыз бен 1 сәуір аралығында «Солнечная долина» саяжайына Ертіс өзенінен су келіп жатқаны туралы дерек түскен.


Оқиға орнына келген құзырлы қызмет өкілдері, қызыл судың Ертіс маңындағы бос саяжай үйлерін басып жатқанын анықтапты. Ұзын-саны 15 саяжай учаскесін су алған. Негізінен бұл ауданда 800-ге тақау саяжай баспанасы орналасса, соның 35-де ғана 100 адамдай мекендейтін көрінеді.


-11 тұрғын эвакуацияланды. Қалғандары бас тартқан. Оның арасында 8 адам уақытша №42 интернатқа орналастырылды. Тағы үш азамат жақындарының үйін паналауға шешім қабылдапты. Қазіргі уақытта жағдай тұрақталды, - деп нақтылады Семей қаласының азаматтық қорғаныс қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив