KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 2 м/с, ОБ
439.4 473.54 4.76

Қазба байлықтарына жол салып жатыр

30.03.2018, 10:36 337

1-сәуір геологтар күні.  Шығысқазақстандық геологтар төл мерекелерін көңіл толтырарлық жетістікпен қарсы алып отыр.


Бүгінгі күні еліміз бірегей минералдық-шикізат базасына ие мемлекеттер қатарында тұр.  Қазба байлығы тұнған Қазақстанның сол минералдық-шикізат кешенін дамытуға құйылып отырған қаржы көлемі қайтадан ұлғайып келеді. Шығыс Қазақстан өңіраралық геология және жер  қойнауын пайдалану департаментінің басшысы Серік Келемановтың айтуынша  соңғы үш жылда Шығыстың минералдық-шикізат кешенін дамытуға 5,5 млрд.теңге бөлініп, игерілген.


Мемлекеттік бюджет есебінен геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде облыста өткен жылдар ішінде оңдаған перспективалы алаңдар анықталып, мыс, полиметалл, сирек металл және алтынның болжамдық ресурстары есептеліп, бекітілді. Қазіргі күні облыста «Топаз» ЖЗК» ЖШС, «СК Семей» ЖШС, «Семейгидрогеология» ЖШС, «ЦДЗ и ГИС «Терра» ЖШС, «Қазгеология» ҰГБК» АҚ тағы да басқа бірнеше  геологиялық барлау  кәсіпорындары геологиялық зерттеу жұмыстарымен  тұрақты түрде айналысып жатыр.


Ағымдағы жылы облыста барлау жұмыстарын қаржыландыру көлемі - 1,77 млрд. теңгені құрап, зерттеу жұмыстары 21 нысан бойынша жүргізілу үстінде. Соңғы үш жылда мемлекеттік бюджет есебінен  жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары көлемінің артуы  нәтижесінде мемлекеттік теңгерімде мыстың өсімі  ұлғайып, 116 мың тоннаны, алтынның өсімі– 874 келіні құраған.


Жер қойнауын пайдаланушылардың өз қаражаты есебінен эксплуатациялық барлау және геологиялық-барлау жұмыстарының нәтижесінде алтын өсімі - 44 тонна, полиметалл : мыс  – 80 мың т., қорғасын - 8 мың т., мырыш - 30 мың тонна көлеміне жеткен.



Шығыстың минералдық-шикізат базасын толықтыруға облыстың жер қойнауын пайдаланушылары да айтарлықтай үлес қосуда. 2018 жылдың 1 қаңтарына дейінгі деректер бойынша ШҚО аумағында 283 жер қойнауын пайдалану нысандары тіркелген, оның ішінде 101 нысан  қатты пайдалы қазбалар (алтын – 51, түсті– 43, қара – 5, минерал – 2), 148 – кең таралған пайдалы қазбалар, 4 -көмірсутекті шикізат (мұнай - 1, көмір – 3), 22- жер асты сулары және  8 – барлау және өндірумен байланысты емес (қалдық сақтау орны, қож үйінділері) қазба  орындарында жұмыс істеуде.


Жер қойнауын пайдаланушылардың қаражаты есебінен геологиялық барлау жұмыстарына бөлініп отырған инвестиция жыл сайын артуда. 2015 жылы инвестиция - 3,72 млрд. теңгені ,  2016 жылы -  6,9 млрд. теңге, 2017жылы -  8,72 млрд. теңгені құрады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив