KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 4 м/с, Ю
440.92 475.36 4.82

Кен қоры Шығыс Қазақстанда таусылып келеді

23.02.2014, 18:00 157



Шығыс Қазақстанда жыл сайын жер қойнауынан 11 млн. тонна көлемінде колчеданды (қоспалы) полиметалл кені қазылып алынып келеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Кенді Алтайдың байлығын игеріп жатқан негізгі ірі тау-кен кәсіпорындары – «Қазцинк» пен «Қазақмыс корпорациясы» компаниялары. Былтыр аймақтың кеншілері 90,9 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Қазақстанда өндіріліп жатқан қорғасын - мырыш кенінің 84, мыс-мырыш кенінің 80, қорғасын концентратындағы қорғасынның 87, мыс концентратындағы мыстың 30 пайызы Шығыстағы кеніштерден алынған. Салмақтап айтар болсақ, бәрі бірнеше миллиондаған тоннаны құрайды.

Түсті металлургия кәсіпорындарының шикізат қоры барған сайын азайып, таусылып барады. Сондықтан тау-кен саласындағы бүгінгі басты міндет – геологиялық барлау, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, шикізат қорын нығайту. Былтыр облыстағы жер қойнауын барлау жұмыстарына 3,95 млрд. теңге жұмсалған. Соған қарамастан өңірде 200-ден астам пайдалы қазба байлығы орны зерттелмей, пайдаланылмай жатыр.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив