ШҚО-да медициналық құрал-жабдықтарды мемлекеттік сатып алу ашық түрде жүргізіледі
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы аясында аймақ басшысы Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша тендерлік процедуралар бақылаушылар пулының қатысуымен, қоғамдық және журналистік бақылаумен барыншы ашық түрде өткізілетін болады.
Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы медициналық техникамен қамтамасыз етілуге жүргізілген кешенді аудит нәтижесі бойынша заманауи құрал-жабдықтарды сатып алуға қажеттілік туындаған еді. Олардың құны 23 млрд.теңгені құрады. Сол жылы босандыру, окнология, кадиология, кадриохирургия мекемелері жергілікті бюджет қаражатынан 8,4 млрд.теңге сомаға жабдықталды – барлығы 1023 жоғары технологиялық медициналық құрал-жабдық сатып алынды.