KZ
Өскемен
+21°
небольшая облачность жел 6 м/с, ОБ
443.35 475.54 4.82

Семейді су басты

28.03.2018, 09:22 119

Семейдегі Ертіс өзенінің деңгейі көтеріліп кетті. Өзеннің Семипалатинка деп аталатын ағысының тұсындағы Полковничий аралы мен Шығыс кенті, Мирный ауылы тұрғындарын  құтқару жұмыстары қазірде шұғыл түрде жүріп жатыр. Қала әкімі Ермак Сәлімов, әкім орынбасары Николай Ушаковтар ҚР Ішкі істер министрлігінің вице-министрі Юрий Викторович Ильин, ШҚО Төтенше жағдайлар Департаментінің өкілдері, Ертіс бассейні инспекциясының мамандарымен бірге оқиға болған жерді тікұшақпен дереу шолып өтті. Олардың шешімінше Ертістің су деңгейін төмендету үшін мұзды жару тәсілдері қолданылмақ.



Ал су басып кеткен жерлерге арнайы бақылау бекеттері орнатылды. Полковничий аралының тұрғындары қонақүйлерге орналастырылуда. Төтенше жағдай қызметінен 20 адам түрлі бөгеттер қойып, су ағысын бұрып, тұрғындарды көшіруде. Тұрғындарға құнды құжаттары мен бағалы заттарына абай болуды ескертіп жатыр.


-Әзірше оқиғаны бақылауда ұстап отырмыз, бір жағдайлар болып жатса, халыққа көмек көрсетуге, оларды құтқаруға Төтенше жағдай басқармасының мамандары сақадай-сай отыр,-деді Семей қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің маманы Мейіржан Амангелді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив