KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
440.9 475.95 4.82

Ертіс су бассейндік инспекциясының салғырт жұмысынан Семейдің шеткі ауылдарын су алған

29.03.2018, 04:17 296

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов БАҚ өкілдерімен қаладағы су деңгейінің көтерілуіне орай шұғыл кездесу өткізді. Жыл сайын Семейде Ертіс өзенінің көтерілуіне орай шеткі аймақтарды су басу қаупі туады. Осы жолғы Семейдегі су басу жағдайына себеп Шүлбі ГЭС-інің тәуліктік су айналымына орай күндегі әдеттегідей  секундына 500 м3 емес, 1800 м3-ге дейін көтеріліп кеткендігі екен. Соның есебінен Мирный, Шығыс кенттері мен «Полковничий» аралын су алған. Бұл туралы қала әкімі Ермак Сәлімов баяндады.


-Бүгін көктем тасқынына орай осы оқиға орын алды,-деді Ермак Сәлімв,-бұл жұмыстар техникалық мәселе бойынша атқарылды. Қаланың іші құрғақ. Біз қыс бойы 50 шаршы метр құбырларды ауыстырдық. Құбырларды тазалап, қалпына келтірдік. Қаржы бөліп, барлық су тазалайтын 9 насосты жөндедік. Бұл Селевин көшесі, Абай даңғылы және тағы басқа қала ішіндегі маңызды жерлер.  Қарды сыртқа шығардық. 8000 метр куб қарды тазаладық, қазірде сол себептен қала іші таза, су жоқ.


-Өткен жылдан бері қалған барлық қауіпті жерлерді тазалап, жөндеп шықтық,-дейді әкім орынбасары Николай Ушаков,-әуежай алаңы, Кызыл Кардон, Жарқын ауылдарының маңы мүлде  қауіпті емес.


-Бүгін ерте Шүлбі ГЭС-іне бардық. Өскемен, Павлодар, Семей қалалары бойынша Ертіс су бассейндік мекемесінің жауапты  қызметкерлерін қоса шақырттық,-деді қала әкімі Ермак Сәлімов,-таңертең сағат 9.00-де Полковничий аралын су алды. Өкінішке орай, екі тұрғын үй су астында қалып отыр. Ертең таңертең осы мәселе бойынша облыс әкімі Даниал Ахметов бізді қабылдайды.

Қала әкімінің орынбасары Надежда Шарованың мәлімдеуінше, қонақ үйлерге көшірілген отбсылардың балалары мен қарияларының денсаулығы, тұрмыс жағдайы басты назарда. Үш рет ыстық тамақпен қамтылып жатыр.


-Наурыздың 1-інен бастап, осы Шүлбідегі су тасу мәселесін тікелей Ертіс бассейндік инспекциясының қадағалаусыз қалдырғандықтан, су деңгейі біртіндеп көтерілген,-деді қала әкімі Ермак Сәлімов,-Шүлбі ГЭС-інен наурыздың 1-і күні 501 метр3, содан  503, 503, 547, 631,661, 684, 720 және осылайша жалғаса келе  27-інші наурызда үш есе көтереліп, 1200 м3-ке шыққан. Бүгін міне, сағат 11.00-де секундына су 1800 м3-ге көтеріліп кетіп, бой бермеді. Сөйтіп, Шүлбіден шыққан су Семейдің шетін алды. Бұл Мирный, Полковничий,  Затон, Восточныйда қауіпте қалып тұрған,  627 үй, 1504 адам.  Шүлбі ГЭС-індегі су бақылаусыз қалғандықтан, әрі сонау наурыздың 1-нен есепке алынбағандықтан ғана осындай жағдай орын алды, мен сіздерге осыны нақты қайталап аламын. Әйтепесе, Семейде жағдай қалыпты. Осының бәрі Ертіс бассейндік инспекциясы мамандарының жұмысына немқұрайды қарағандығынан болып отыр. Осы мәселені ертең облыс әкімі өзі шұғыл қарайтын болады. Полковничий аралынан 103 адам көшірілді. Оның 25-і бала. Полковничий аралына инертті материалдар жеткізілді. Құм, тас, кірпіштер төселді. 16 техника жұмылдырылды.

Шүлбі су қоймасы тек Семейге ғана емес, Павлодарға, Өскеменге де әсер етуі мүмкін екен. Ермак Сәлімовтың айтуынша, осындай жағдай туындатқандар, яғни ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы республикалық мемлекеттік мекемесі ертең облыс басшысының алдында жауап береді. Семейде қазір жағдай тұрақты, қала іші құрғақ.  Дегенмен Ертістің Затон аймағындағы мұзды бұзу жұмыстары жүру керек. Бұл қауіптің алдын алу үшін аса маңызды.


Қазір осы жағдайларға орай, Ертіс өзенінің деңгейі 450 см емес, 506 см болып отыр. Қаладағы Төтенше жағдай және азаматтық қорғаныс қызметтері қала әкімі Ермак Сәлімовтың басшылығымен жұмыс жасап жатыр. Ертістегі мұзды жаруға «Востоквзрывпром» ЖШС-інің қызметкерлері келді. Шүлбі ГЭС-індегі су ағының молайу деңгейі жергілікті атқарушы билікпен келісілмеген. Барлық жағдай Семей қаласы әкімінің жеке қадағалуында тұр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив