KZ
Өскемен
-3°
туман жел 1 м/с, З
485.04 525.98 5.04

Шығыс Қазақстаннан сьезге 50 делегат аттанды

28.03.2018, 09:13 124

Кеше Астанада «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының IV съезі өзінің жұмысын бастап кетті. Оған жұмыстарын барынша тиімді әрі нәтижелі көрсете білген ЖОО жанындағы, кәсіпорындардағы  бөлімшелердің жетекшілері қатысуда.


Астанаға аттанар алдында делегаттармен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Олег Чугунков кездескен еді.


– Жолға жүрер алдында Антон Чеховты оқыған болатынмын. Ол шынайы патриотизм дегеніміз әркім өз ісін жүз пайызға атқаруы дегенді айтады. Бұл қағидат тек партияның қызметіне ғана емес, күнделікті жұмысқа да тікелей қатысты. Өз жұмысыңды адамдар үшін, облыс тұрғындары үшін, үлкен жауапкершілікпен атқаруың қажет, - деді «ҮМЗ» АҚ тантал өндірісіндегі байыту фабрикасының басшысы Михаил Байтеряков.

Съездің алғашқы күні секциялық тәртіпте өтіп, онда «Рухани жаңғыру», «Цифрландыру», «Кәсіпкерлік», «Білім», «Ғылым», «Инновация», «Денсаулық» және тағы да басқа  әртүрлі мәселелер талқыға түсті. Атап айтарлығы, әр секцияның жұмысына Шығыстан барған өкілдер қатысуда. Жұмыс күнін съезд 29 наурызда жалғастырады.



Съезге облыс атынан қалалық, аудандық бөлімшелердің жетекшілері, «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері және өңірдің жұмысшы, шығармашыл жастары қатыспақ. Делегация құрамында 50 адам бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив