KZ
Өскемен
+23°
пасмурно жел 4 м/с, В
444.14 477.05 4.85

Аманжолов университетінде «Адал жол» акциясы басталды

26.03.2018, 10:04 208

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті әкімшілік ғимаратының алдында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол» марафоны бастау алды.


Акцияны ұйымдастырушылар – Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаменті, Өскемен қаласы әкімдігі және С. Аманжолов атындағы ШҚМУ.


Іс-шарада Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ольга Булавкина, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Олег Чугунков, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің жетекшісі Жанна Қабдолдақызы, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген, Талдау және болжау институтының директоры Олег Чернышов сөз сөйледі. Акция қатысушылары «Біз сыбайлас жемқорлықсыз қоғамды қалаймыз» ұранын басшылыққа алып отыр.


[su_slider source="media: 26730,26729,26723,26721,26722,26724,26725,26726,26727"]


– Марафонның мақсаты – тұрғындарда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жемқорлыққа деген нөлдік төзімділік атмосферасын құру, – деді Жанна Қабдолдақызы.

Марафонды бастау құқығы Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ольга Булавкинаға берілді.


– Өскеменде марафон 26 наурыздан 6 сәуірге дейін өтеді, одан соң кезек көршілеріміз – Ұлан ауданына беріледі, – деді ол.

Аманжолов университеті коррупциялық құқықбұзушылықтардың алдын алу және жемқорлыққа деген нөлдік төзімділікті тәрбиелеу үшін барлық жағдайды жасап отыр. ШҚМУ сайтында «Ректор блогы», сенім телефоны, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» онлайн-порталы жұмыс істейді, университетте «Таза сессия» акциясы өтіп тұрады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіптік кеңес құрылған.


Акцияға қатысушылар Тілектер тақтасына сыбайлас жемқорлық мәселесі бойынша өз ұсыныс-тілектерін қалдырды, сонымен қатар «Жемқорлық тізбегін үз» ақпараттық парақшалары таратылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив