KZ
Өскемен
-4°
облачно с прояснениями Штиль
495.95 524.37 4.98

Өскемендік студенттер үшін сатушысы жоқ дүкен ашылды

27.12.2018, 08:01 150

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «SANALY URPAQ» фронт-офисі ашылды. Оған мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппаратының жетекшісі Саян Ахметжанов, «Саналы ұрпақ – Жарқын болашақ» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Тоқышев қатысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Олар №1 оқу ғимаратының және Студенттер үйлерінің жанындағы «Парасат» студенттерге қызмет көрсету орталығымен танысты.


– Жемқорлықтың алдын алу шараларының бірі – қызметтерді көрсетуді автоматтандыру және цифрландыру. Сол себепті қыркүйекте осы орталықты аштық, – деді ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген.


Бұдан соң сатушысы жоқ, бірақ тауары ақшаға сатылатын дүкен мен кітапханашысы жоқ кітапхана ашылды. «Адалдық дүкенінде» картиналар, ойыншықтар, қолөнер бұйымдары, сусындар, печенье, шоколад және т.б. сатылады.


Мұнан кейін «SANALY URPAQ» зертханасы ашылды, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялармен, жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие беру жөніндегі ғылыми-оқу әдебиеттерімен, үлестірме материалдармен жарақталған.


Түстен кейін меймандар Қазақстан көшесіндегі 59/1 ғимаратта орналасқан «Шығыс – адалдық алаңы» жобалық офисінің ашылуына қатысты. Офистің мақсаты – тұрмыстық коррупцияны қысқарту, азаматтардың билікке сенімін арттыру.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу