KZ
Өскемен
+27°
переменная облачность жел 6 м/с, ОБ
443.44 480.51 4.88

Аймақ басшысы қарияларды құттықтады

19.03.2018, 15:35 162

Облыс әкімі Даниал Ахметов Солнечный кентінде орналасқан қарттар мен мүгедектер үйінде тұрып жатқан қарияларды ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтап қайтты.


– Наурыз мерекесі шаттық, құт-береке әкелсін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Мен сіздерді мерекелеріңізбен құттықтап, баршаңызға бас амандығын, денсаулық тілеймін. Еліміздің даму жолында аянбай тер төккендеріңіз үшін алғысымды білдіремін,- облыс әкімі Даниал Ахметов.

Жиналғандарға жылы лебізін жеткізген аймақ басшысы қарттар мен мүгедектер үйінде тұрып жатқан қарияларға теледидар мен қысқа толқынды пешті тарту етті.


Орталықтың акт залына жиналған қариялар облыс басшысы Даниал Ахметовке алғыстарын білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі. Бұдан соң қарттар Вячеслав Ткач, Мұрат Жуанышбаев, Фарит Исмаилов, Анжелика Щербатых, сондай-ақ «Ладушки» ансамблінің өнерпаздары өнер көрсеткен концертті тамашалап, арасында биге де шықты. Шапшаң биден тез шаршаған үлкендер соңынан Шәмшінің әсем әндерінің әуенінде вальс билеп, жастық шақтарын еске алды.


[su_slider source="media: 26191,26192,26193,26194,26195,26196,26197,26198,26199,26200,26201,26202"]


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив