KZ
Өскемен
+1°
небольшая облачность Штиль
439.43 473.31 4.82

ШҚО жастары қарттар үйін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

28.12.2015, 18:00 310

ШҚО белсенді жастары «Жан жылуы» акциясының аясында қалалық қарттар үйінде болып, келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Осымен үшінші жыл өткізіліп отырған акцияда медициналық колледж студенттері қарттардың қан қысымын өлшесе, жастар ауланы тазалап, қар қалашығын тұрғызды.

Қарттарды жастармен қатар, ШҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы Ержан Сембинов құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

– Халқымыз айтқандай, «Қарты бар үйдің, қазынасы бар» демекші, сізден үлкен құрметке лайықсыздар. Сіздерді шын жүректен келе жатқан Жаңа жыл мерекелеріңізбен құттықтап, бақыт және денсаулық тілеймін, – деді Е. Сембинов.

Қарттар үйіне концерттік бағдарламамен келген жас өнепраздар аянып қалмады. Күміс көмей әншілер құлақ құрышын қандырса, жайдарманшылар әзілдерін ұсынды.
Бүгінгі күні Өскемен қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі мекемеде 103 қарт пен 17 мүгедек азамат бар.

ШҚО Ақпарат орталығы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив