KZ
Өскемен
+1°
туман Штиль
479.38 531.63 5.27

Барлық ауданның зейнеткерлері "Уба" шипажайында демалды

3.10.2019, 04:17 221

 

Қарттар күні қарсаңында Шемонаиха ауданындағы «Уба» шипажайына облыстың барлық ауданынан 100 шақты зейнеткер келіп демалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Зейнеткерлер мен белсенді қариялар екі күн ішінде барлық емдеу процедурасыан өтіп, мамандардың қабылдауында болды. Облыс әкімі Даниал Ахметов қарияларды арнайы барып құттықтады.

– Сіздерді мынадай тамаша мерекемен құттықтаудың өзі мен үшін зор мәртебе. Еліміздің қалыптасу жолында осы сіздердің буындарыңыз мол еңбек етті. Сіздерге мықты денсакулық тілеймін, – деді аймақ басшысы.

Осы күні шипажайда өткен облыстық «Асыл әжелер» байқауы да қорытындыланып, жеңімпаз әжелер марапатталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив