KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 2,7 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Күршімде «Наурыз аруы - 2018» сыны өтті

19.03.2018, 04:34 170

Күршімде жылдағы дәстүр бойынша «Наурыз аруы - 2018» сыны өтті. Аудандық Мәдениет үйінің төріне шыққан 9 ару ауданның әр ауылынан жиналды. Бірінен-бірі өткен 16 мен 22 жас аралығындағы сұлуларды сынаған қазылар алқасының төрайымы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Гүлжанат Оралбаева болды.


Ұлыстың ұлы күніне орайластырып, табиғат бусанған кезде гүлдей жайнаған қыздардың сахнаға шығуы – заңдылық. Сымбатты қыздардың сахнада өзін-өзі ұстауы, сөйлеу мәнері мен киім үлгілерімен қатар, бойжеткендердің білімі де сараланды.


Бірер сағатқа созылған байқау нәтижесінде Ақбұлақ ауылдық округінің аруы Гүлім Жанжігітова «Парасатты ару», Сарыөлең ауылдық округінен келген Мөлдір Еркінбекқызы «Өнерлі ару», №1 Күршім орта мектебінен Әмина Сәрсенбинова «Инабатты ару», Марқакөл ауылдық округінен келген Мәдина Тойкенова «Сән үлгі», Қалғұты ауылдық округінен Анар Кеңесбаева «Көрермен көзайымы» атанды. Ал жүлделі 3-орын иегері №4 Күршім орта мектебінен Аружан Манапова, 2-орын иегері болып Марқакөл ауылдық округінен Мәдина Сабранова, 1-орын иегері Күршім ауылдық округінен Инабат Бақытқанова марапатталса, №3 Күршім гимназиясының оқушысы Балғын Қабиденова бас жүлдені жеңіп алды.



 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив