KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
485.04 525.98 5.04

Онкологиялық диспансерге мамандарды шетелдерде қайта даярлау керек

16.03.2018, 06:32 134

Медицинаны дамыту, денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық жағдайын нығайту, саланы цифрландыру – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Осыған орай облыс әкімі Даниал Ахметов Өскемендегі бірқатар медицина мекемелерінде болып, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шорановқа және емханалардың бас дәрігерлеріне нақты тапсырмалар берді. Әсіресе, ана мен бала денсаулығы, онкология, қан айналымы жүйесі ауруларын емдейтін кемінде 30 дәрігерді шет елдерде оқытып, біліктілігін арттыру қажеттілігі баса айтылды.


 Онкологиялық диспансер соңғы жылдары жаңа технологиялармен қамтылып келеді. Мамандарды оқыту, біліктілігін арттыру қажеттілігін аймақ басшысы Даниал Ахметов облыстық онкологиялық диспансердің бас дәрігері Гүлмира Сағидуллинаға тапсырды.


-Жаңа қондырғылармен жұмыс істеп жүрген мамандардың барлығы биыл, болмаса келесі жылы Европаға барып, қайта даярлықтан өтуі тиіс,-деді облыс әкімі. – Мұнда замануи хирургиялық корпус, жандандыру бөлімі, гибридті операциялық бөлім болатындығы қуантарлық жайт. Бюджеттен бөлінген бірнеше миллиард қаражатты алдымен ең қажетті деген жабдықтарға жұмсаңыздар.

Бүгінде онкологиялық диспансерде қайта құру, жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Әзірге дәрігерлер ескі ғимаратта болғанымен, жаңа қондырғылармен жұмыс істеуде. Компьютерлік томография, бейне құрылғылары, стерилизаторлық аспаптар бұрынғы жұмыстарды біршама жеңілдетіп тұр.


 


 


 


 


    


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив