Өскемендегі автоеріктілердің қызметіне кім жүгіне алады?
instagram/ukaasar
«Өскемен-АСАР автоеріктілер» жобасы – қала басшылығының осыдан бес жыл бұрын бастаған алғашқы жобаларының бірі.
Автоеріктілердің қызметіне жалғыз басты зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, көпбалалы отбасылар, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар жүгіне алады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қайырымды автомобильшілер емханаға, базарға, қоғамдық орындар мен саябақтарға тегін жеткізіп тастайды.
Сервисті пайдалану немесе адамдарға көмек көрсетіп жүргендердің қатарына қосылғыңыз келсе, жобаның @ukaasar парақшасына жүгінуге болады.
Байланыс нөмірлері: 87479110011; 87777346067.