KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

Құтқарушылар Семейлік студенттің  кеудесіне медаль тақты

13.03.2018, 12:40 176

Бүгін ШҚ Төтенше жағдайлар департаментінде Семей  қалалық құрылыс колледжінің 4-ші курс студенті Жасұлан Берекеевке құрмет көрсетілді. Жас жігіт   «Төтенше жағдайлардың алдын-алуда және жою да үздік шыққаны үшін»  медальмен марапатталды.  Ол жатақханадағы өрт кезінде ерекше ерлік танытып, балаларды құтқарып қалған болатын.  Оқиға 26-шы қаңтар күні болған. Құрылыс колледжі жатақханаларының бірінен электр жеткізу құралдары жанып, салдарынан өрт шыққан еді. Құтқарушылар жеткенше жатақхана тұрғындары қарап тұрмай өрт сөндіргіш құралдардың көмегімен жалынды сөндіре бастаған. Сол кезде көк түтін басқан жатақхана ішінен  студент жігіт өрімдей 3 баланы алып шыққаны белгілі болды.


-Ол алдымен шуды естіп далаға шыққан кезде өрт тұтанып жатқанын көреді.Өрт сөндірушілерді күтпей –ақ ол бірден бесінші қабатқа көттеріліп, дәліздің соңында тұрған баланы алып шығады,-деді Семей қалалық ТЖБ баспасөз қызметіндегілер.

Жасұлан ары қарай өртті сөндіруге белсене көмектеседі. Одан соң бесінші қабатқа қайта көтеріліп бөлмелерді қарап шығады. Осылайша №36-шы бөлмеде тағы да екі баланың қалып қойғанын көреді.Сөйтіп оларды да аман-есен алып шығады.



-Марапаттау кезінде студент  өзінің бұл әрекетке барғанын қалыпты жағдай деп түсіндірді. Жас жігіттің оқыс оқиға кезінде салғырттық танытпай,өзгелердің өміріне селқос қарамай, азаматтық борышын адал атқарғаны шексіз алғысқа тұрарлық,- дейді құтқарушылар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив