KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 3,9 м/с, СБ
481.84 531.33 5.07

Өскемендік көлік жүргізушілері полиция қызметкерлеріне алғыс айтады

12.03.2018, 14:57 59

 


Өскемендік көлік жүргізушілері  полиция қызметкерлері көрсеткен көмек үшін үлкен алғыстарын білдіреді. Кеше  еріген қар суының салдарынан қаншама көлік топан судың  қақ ортасында  өшіп қалған болатын.  Ал кешқұрым  күн суып,қайтадан қар жауған кезде  әбден езілген қардан жүре алмай тағы да әбігерге түсті. Осылайша қысылтаяң кезде тәртіп сақшылары көлік жүргізушілерінен көмектерін аяған жоқ.


77, 10, 40, 113 және басқа да нөмірлі қызметтік көліктегі тәртіп сақшылары тұрып қалған көліктердің қасына келіп, қандай да болсын көмектерін ұсынды. Бірнеше көлікті полиция қызметкерлері батып қалған жерінен шығарып,үйлеріне дейін жеткізіп тастады.  Ал кейбірін көлік жөндеу орындарына дейін апарысты.





–Кеше 102 каналына автокөлік жүргізушілерінен хабар түскен жоқ,алайда біздің қызметкерлер жол үстінде қырсыққа тап болған көлік жүргізушілеріне үнемі қол ұшын созады. Сондықтан егер көмегі тиген тәртіп сақшыларына алғыс айтамын деушілер болса,мархабат.Полиция бастығына  арнайы хат жазуға болады,-деді Өскемен қалалық ІІБ баспасөз хатшысы Әсел Әміренова.

Синоптиктердің болжамынша, облыстағы қолайсыз аура райы әлі бірнеше күнге созылуы мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив