KZ
Өскемен
+26°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Шығысқазақстандық дзюдошы Мароккода үздіктер қатарынан көрінді

12.03.2018, 03:00 101

Шығысқазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов Марокконың Агадир қаласында өткен әлемдік Гран-при кезеңінде жүлдегерлер қатарынан көрінді. Осылайша, жерлесіміз халықаралық дәрежедегі спорт шеберінің нормативтерін орындады.


66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Ерлан алғашқы жекпе-жегінде франциялық Алистер Вардты жеңсе, бұдан кейінгі белдесуінде ресейлік Михаил Пуляевтан басым түсті. Ширек финалда словениялық Андраз Жеребті, ал жартылай финалда португалиялық Сергио Олейникті (иппонмен) ұтқан Үржар ауданының тумасы тек финалда ғана сүрінді. Ақтық айқаста Серікжанов сербиялық Адриян Гомбичке Голден скорда (қосымша уақытта) ваза-ари ұпайымен жол беріп, жарыстың күміс жүлдегері атанды.


Естеріңізге салайық, Ерлан Серікжанов осының алдында Тунисте өткен әлемдік Гран-при бәсекесінде де тамаша өнер көрсетіп, қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив