KZ
Өскемен
+4°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Үржарлықтар Ерланның астына ат мінгізіп, қолына бір миллион теңге ұстатты

3.10.2018, 05:08 188

Үржарлықтар таяуда Әзірбайжан астанасы Баку қаласында өткен дзюдодан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ерлан Серікжановты зор қошеметпен қарсы алды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Естеріңізге салайық, Үржар ауданының тумасы байрақты бәсекеде сенсация жасап, 66 келіге дейінгі салмақта Әлемнің вице-чемпионы атанған болатын. Біріншілік барысында Ерлан әлемдік рейтингтің кіл мықтыларымен кездесіп, олардың көбінен айласына асыра алды. Тек финалда жапон мықтысы Хифуми Абеге жол берді.


Айта кетейік, Ерлан Серікжанов – аудан орталығындағы Абай орта мектебінің түлегі. Ол 2011 жылы жасөспірімдер арасында өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері және сол жылғы «Мастер Бреман» атты халықаралық турнирдің жеңімпазы атанған спортшы.


Бірнеше рет ел чемпионы атағын жеңіп алған Ерлан биылғы қаңтар айында Тунисте өткен әлемдік Гран-при бәсекесінде қола жүлдеге, ал наурыз айында Мароккода жалауын желбіреткен сол жарыстың кезекті сынында күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.


Халықаралық додаларда ел намысын абыроймен қорғап жүрген саңлақ бүгінде Үржар ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, дзюдодан бірнеше дүркін ел чемпионы Айдар Қайырбаевтың қол астында жаттығып келеді.


Әлем чемпионатынан олжалы оралған Ерланды жақында аудан әкімі Серік Зайнулдин бастаған жерлестері қарсы алып, спортшыға ерекше құрмет көрсетті. Аудан басшысы дзюдошыға жиналған қауымның алдында бір миллион теңгенің сертификатын табыстап, астына ат міңгізді. Сол сияқты балуанның бапкері де сый-құрметтен тыс қалған жоқ. Айдар Қайырбаевтың астына да ат міңгізіліп, 300 мың теңгенің сертификаты берілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив