ШҚО-да еңбек шартын жасамау фактілері әшкереленді
2017 жылы арызданушылардың шағымымен жүргізілген тексерулер барысында облыста 400-ден астам еңбек шартын жасамау фактісі әшкереленген. Әсіресе ауылшаруашылығы, құрылыс саласында, қызмет көрсету сервистерінде, базарларда жиі орын алады. Еңбек шартын жасамаудың салдарынан бірнеше ай жалақы алмау, бақытсыз жағдай кезінде төлемдерді төлемеу сияқты заңсыздықтарға жол берілуі мүмкін.
-Мысалы, жарты жыл жалақысын алмаған азаматтар шағымданып келеді. Алғашқы екі-үш айдан кейін ақша төлемесе де, жұмысқа барып жүре берген. Ал бізге келген кезде, әлгі кәсіпорындардың орны да қалмайды кейде, тарқап кеткен. Сол себепті, жалақысын уақытында алмағандар еңбек инспекциясына бірден хабарлау керек. Біздің ресми сайтымыз бар, соған жазса да, біз арызды тексереміз, -дейді облыстың бас еңбек инспекторы Бақытбек Қизатов.
Оқи отырыңыз