KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 5 м/с, ОБ
443.16 480.39 4.94

Лапароскопиялық ота Күршімде де жасалады

6.03.2018, 09:26 182

Күршім аудандық орталық ауруханасында 2017 жылдың мамыр айынан бастап, «Парыз» қорынан берілген лапараскоп аппараты қолданысқа енгізілген. Жаңа үлгідегі қондырғының көмегімен хирургия бөлімінде былтыр 19, биылғы жыл басынан бері 8 ота лапароскопиялық тәсілмен жасалған.


Жаңа үлгідегі аппаратпен 2014 жылы медакадемияны аяқтаған Қанат Шапатов ондаған сәтті операциялар жасап үлгерді. Хирург әкесі Задабек Бөкейханұлының ізін басып, жыл санап біліктілігін арттыруда. Ол былтыр  А.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығында эндобейнескопия курсында білім алып, шалғай ауыл тұрғындарына заман талабына сай медициналық көмек алу мүмкіндігі туған.


Адам денсаулығы сыр бергенде ең алдымен дертіңе дауа болар дәрігер іздейді. Қуантатыны, қазір ауылды жерлердегі емдеу орындары да соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталып, жас дәрігерлер қазіргі заман талабына сай білімдерін күн сайын жетілдіруде.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив