KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 4 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Өртеніп кеткен зауыт бір айдан соң қайта өнім шығарады

2.03.2018, 04:36 142

Аталмыш өндіріс орны бір жыл бұрын толық өртеніп кеткен болатын. Облыс әкімінің қолдауымен зауыт толық қалпына келтіріліп, жаңа құрал-жабдықтар алынған. Өндіріс екі-үш апта ішінде іске қосылуы тиіс.


Даниал Ахметов «Мелисса» ЖШС-не қарасты ОСБ-плиталар, яғни аса берік ағаш тақтайлар өндіру зауытында болды.


Естеріңізге сала кетсек, аталмыш өндіріс орны бір жыл бұрын толық өртеніп кеткен болатын. Облыс әкімінің қолдауымен орынжай толық қалыпан келтіріліп, жаңа құрал-жабдықтар алынған. Өндіріс екі-үш апта ішінде іске қосылуы тиіс. Тек цехтың электронды жүйесін реттеу ісі ғана қалған. Компания басшылығы құрал-жабдықты шығарған қытайлық зауыттың бағдарламашысын күтіп отыр. Кәсіпорынның келешекте жылына 30 мың текше метр ОСБ-плиталар өндіретін қуаты бар.


– Біз еліміздің нарығынан шетелдіктерді толық ығыстырып шығардық. Қазақстанда ОСБ-плиталарды шығаратын зауыт тек біз ғана. Әлбетте, біздің плиталардың бағасы да төмен, сапасы да шетелдік баламалардан еш кем емес, – дейді «Мелисса» ЖШС директоры Виктор Воробьев.

Даниал Ахметов цех ішін аралап көріп, ұжымның жедел әрі сапалы жұмыс атқарғанын айырықша атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив