KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

ШҚО әкімі: «Экономиканы әртараптандырудың негізгі элементі – туризм»

20.09.2024, 12:00 143 Айжанат Бақытқызы

ШҚО-да экономиканы әртараптандыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Географиялық жағдайларға қарай, бұл жұмыстың негізгі элементі – туризм және бұл шағын және орта бизнесті дамытудың драйвері болып қалуы қажет, деп хабарлайды Altainews kz тілшісі. 

«Туризмді дамыту дегеніміз - инфрақұрылым, жолдар, электр қуаты, санитарлық-гигиеналық тораптар, жол бойындағы қызмет көрсету, тамақтану, қызмет көрсету сапасы. Біз осы мәселелерді шешумен жүйелі түрде айналысудамыз»,-деді облыстық мәслихаттың сессиясында аймақ басшысы Ермек Көшербаев. 

Мәслихат кеңесінде айтылғандай, жарияланған «Жол жылы» аясында жөндеуге жататын 600 шақырым жолдың 121 шақырымы туристік бағыттарға тиесілі. Жол бойында, сондай-ақ туристердің сүйікті орындарында сервис объектілерін бірыңғай стандартқа сай орнату үшін орындар анықталды.  

Ауыл туризмін жаз мезгілінде әрбір үйді қонақ үйге айналдырып, табыс тауып отырған Коробиха ауылының үлгісінде  дамыту қолға алынып отыр. 

Дәрігерлердің жоғары медициналық әлеуеті мен құзыретін табиғи факторлармен ұштастыру медициналық және санаториялық-курорттық туризмді дамытуға негіз болды. Мәселен, облыстық онкология орталығы республикадағы жетекші орталықтардың бірі, ол әлемдік деңгейдегі ең жаңа құрал-жабдықтармен және білікті кадрлармен қамтылған. Сондықтан, басқа аймақ тұрғындары мен шетелдіктер де емделуде.

Көзделген жоспарларды іске асыру үшін тур-бизнесмендер қызмет көрсету мәдениетін арттыру қажеттігі айтылды. Олар: тамақтандыру, тұруға арналған бөлмелердің сапасы, қосымша сервис және тағы басқа қызметтер. Ол үшін жоғары оқу орындары мен колледждерде қысқа мерзімді курстар, сондай-ақ толыққанды бағдарламалар бойынша дуалды оқыту жүйесі енгізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу