KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

«Инвестициялық жобалар пулы» импорттан бас тартып, экспортқа ден қоюға арқау болмақ

Бүгін, 14:00 34 Айжанат Бақытқызы

Облыста экономиканың нақты секторының 40 жобасынан 916,6 млрд. теңгеге пул құрылды, - деп хабарлайды Altanews тілшісі.

Индустриялық секторда импортты алмастыру және экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды құру негізгі аспектілер. Осылай деген облыс әкімі Ермек Көшербаев қолданыстағы өндірістердің номенклатурасын кеңейту және технологиялық жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабардар етті. 

Ағымдағы жылы жоғарыда аталған пул ішінен 49,9 млрд. теңгеге 10 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған, оның ішінде ең ірілері:
«BaurGold» алтын өңдеу кәсіпорнын жаңғырту, «Алтай» көтерме-тарату орталығы, «КФК МедСервис Плюс» ЖШС сауда-өндірістік кешені.
Сондай-ақ, бериллий өндірісінде («ҮМЗ» АҚ) сандық бағдарламамен басқарылатын жабдық 1 млрд. теңгеге жаңартылуда, бұл бериллийден жасалатын бұйымдардың өзіндік құнын төмендетпек. Ал «Үлбі-ТВС» ЖШС ағымдағы жылы АЭС үшін жылу бөлетін жинақтарды шығару бойынша жобалық қуаттылыққа шықпақ, бұл 434 жинақ немесе уран эквивалентіндегі 200 тонна дайын өнім. Осылайша, алдағы уақытта АЭС толығымен отандық отынмен қамтамасыз етілуі мүмкін.

Айта кетерлігі, кен орындары қорлары да шексіз шекарасыз тұңғиық емес. Өнеркәсiптiк мамандану өсіп келеді. Кен қорлары сарқылса бір мезетте жүздеген адам жұмыссыз қалу қаупі де бар. Облыс басшысының айтуынша, шикізат базасын толықтыру мақсатында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу айрықша маңызды.

"Бұл жағдайдан шығудың жалғыз жолы – туризм, қайта өңдеу және агроөнеркәсіп кешенін дамыту есебінен облыс экономикасын әртараптандыру екенін тағы да атап өтемін", - деп қорытты Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив